Қытайда 5 балдық жер сілкінісі болып, 3 адам қаза тапты

Қытайда 5 балдық жер сілкінісі болып, 3 адам қаза тапты

Қытайда 5 балдық жер сілкінісі болып, 3 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды аймағының Аксу округіндегі Байчэн уезінде болған жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған үй қиралды, – деп жазды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі. Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да Шыңжан-Ұйғыр автономды аймағының Аксу округіндегі Байчэн уезінде жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, 65 үй бүлінді, олардың 16-сының шатыры қирады. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала сәрсенбі күні таңертең, Бейжің уақытымен сағат 05:14-те болған. Жер сілкінісінің қуаттылығы – 5,4 балл. Ошағы 10 шақырым тереңдікте жатты. Бірінші жер сілкінісінен кейін қытайлық сейсмологтар тағы 10 жерасты дүмпуін тіркеген. Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.