Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды

Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды

Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды
ашық дереккөзі
Арменияда 2020 жылдың қыркүйегінен бері енгізілген әскери жағдай режимі тоқтатылды. Парламенттік оппозиция осындай шешімге келді. Арменияның ұлттық жиналысы 24 наурыздағы отырыста елде әскери жағдай режимін тоқтату шешім жобасын қабылдады. Бұл бастаманы «Гүлденген Армения» және «Білімді Армения» оппозициялық парламенттік фракциялары алға тартты. «Менің қадамым» басқарушы фракциясы да бастаманы қолдады. Осылайша, елде 2020 жылдың қыркүйегінен бері енгізілген әскери режим тоқтатылды. Айта кетсек, Арменияда әскери жағдай режимі 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Таулы Қарабақтағы жанжал аймағындағы жағдайдың ушығуына байланысты жарияланған еді.