Ойыншық тапаншамен ломбард тонаған қостанайлық ұсталды

Ойыншық тапаншамен ломбард тонаған қостанайлық ұсталды

Ойыншық тапаншамен ломбард тонаған қостанайлық ұсталды
ашық дереккөзі
Қостанай облысына қарасты Жітіқара қаласында ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған азамат ұсталды. Облыстық ПД мәліметінше, қаладағы дүкендердің бірінің сатушысы полицияға хабарласып, белгісіз адамның тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, саудадан түскен ақшаны беруін талап еткендігін айтқан. «Сатушы сол уақытта дүкенге сатып алушылар кіріп, белгісіз адамның тез арада шығып кеткендігін айтты. Бірнеше минуттан кейін көршілес дүкеннің де сатушысы дәл осындай фактінің орын алғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанып, қаладағы барлық дүкенге ескерту жасалды және күдіктінің белгілері хабарланды. Барлық патурль дүкендерге қарай жіберілді. Бірнеше минуттан кейін дүкендердің бірінің сатушысы хабарласып, сипатталған адамдың көргенін айтты. Ол бірден қолға түсті», – деді полиция департаментінен. Ведомство мәліметінше, тергеу іс-қимылдары барысында аталған адамның осыдан екі күн бұрын Қостанай қаласындағы ломбардтан ақша қаражатын тонап кеткендігі анықталды. Ол кезде де күдікті ойыншық тапаншамен ломбард қызметкерін қорқытып, 600 мың теңге алып кеткен. Ломбард қызметкері күдіктіні таныды. Осылайша, Қарабалық ауданының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.