Украинада бір күнде 14 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Украинада соңғы тәулікте 14 174 адамнан COVID-19 анықталды. 5 438 адам аурухана жатқызылды, 342 адам вирустан көз жұмды, – деп хабарлады Укринформ ақпараттық агенттігі.

«2021 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша, Украинада COVID-19 вирусын жұқтырудың 14 174 жаңа оқиғасы тіркелген. Атап айтқанда, 750 бала мен 434 медициналық қызметкер дертке шалдықты. 5438 адам ауруханаға жатқызылды, 342 өлім оқиғасы тіркелді», – делінген агенттік хабарламасында.

Соңғы тәулікте расталған оқиғалардың ең көп саны Киев қаласында (1 300), Одесса (1 177), Хмельницкая (994), Львов (939) және Киев (813) облыстарында тіркелген.

Пандемия басталғалы бері Украинада:

  • 1 579 906 адам – вирусқа шалдықты;
  • 1 276 272 адам – ауруханадан шығарылды;
  • 30 773 – өлім оқиғасы тіркелді;
  • 7 778 231 – ПТР-тестілеу жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button