Токио олимпиадасы: Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялар саны 45-ке жетті

Токио олимпиадасы: Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялар саны 45-ке жетті

Токио олимпиадасы: Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялар саны 45-ке жетті
ашық дереккөзі
Шпагамен семсерлесуден Қазан қаласында аяқталған лицензиялық әлем кубогі кезеңінен соң қазақстандық Руслан Курбанов Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, – деп жазды Olympic.kz. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) бекіткен Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша әрбір қару түрінен 8 команда жолдамаға ілігеді. Оның ішінде 4 команда FIE рейтингті бойынша жоғары орналасқаны үшін лицензия алады, ал 5-16 орындағы командалар ішінен өз құрлықтарында (Еуропа, Америка, Африка, Азия/Океания) үздік атанғандар Олимпиадаға аттанады. Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингі бойынша, Олимпиадаға тікелей жолдама алған алты спортшы белгілі. Олар – Руслан Курбанов (Қазақстан), Масара Ямада (Жапония), Гергей Шиклоши (Венгрия), Бас Вервилен (Нидерланд), Гаскон Рубен Лимардо (Венесуэла), Муссам Элькорд (Марокко). Осылайша, Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялар саны 45-ке жетті.