Жаңалықтар

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцина экспортын қадағалау шараларын күшейтпек

ашық дереккөзі

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцина экспортын қадағалау шараларын күшейтпек

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаның экспортын реттейтін бұдан да қатаң ережелерді ұсынады, – деп жазды ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, жаңа нормалар Еуроодақтың вакцинаны жеткізу бойынша жекелеген елдерге экспорт жасау жолдарын жеңілдетеді. Бұдан басқа, Еуроодақ шешімдерді қабылдау кезінде препараттардың ЕО-дан жеткізілуін сұрайтын мемлекеттердегі вакциналау қарқыны туралы мәліметтерге сүйенетін болады. Агенттік өзгерістердің COVAX халықаралық механизмі аясындағы жеткізілімдерге қатысы болмайтынын нақтылап өтті. Вакцинаны жеткізу, сондай-ақ оларды экспорттау мәселелері ЕО-ның 25-26 наурыз күндері өтетін онлайн-саммиті кезінде талқыланады.