Нұр-Сұлтан әуежайы қайта ашылды

Нұр-Сұлтан әуежайы қайта ашылды

Нұр-Сұлтан әуежайы қайта ашылды
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта бастады, - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. "Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта бастады. Елордалық әуе айлағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандықтан, түсіністікке үміттенеміз. Ұшу-қону жолағы ашық, бірақ сегіз рейс кешігеді. Ұшу кестесі біртіндеп қалыпқа келеді. Рейстер туралы ақпаратты әуекомпания Call-орталықтарында, әуежай анықтама орнында және әлеуметтік желілерде нақтылауды сұраймыз", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайында 9 рейс кешігіп, 6 рейс тоқтатылған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолағы түнгі сағат үшке дейін жабылды.