Елордада барлық бағытта жол жабық: «Рубеж» бекеттерінде 164 көлік тұр

Елордада барлық бағытта жол жабық: «Рубеж» бекеттерінде 164 көлік тұр

Елордада барлық бағытта жол жабық: «Рубеж» бекеттерінде 164 көлік тұр
ашық дереккөзі
Қазгидрометтің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 23 наурыз күні сағат 21:00-ден 24 наурыз сағат 21:00-ге дейін түнде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Қала әкімдігі авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға, патрульдеуге қаланың шұғыл қызметтерінің жеке құрамы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, ҚР ІІМ, ЖАО, жол қызметтері жұмылдырылғанын мәлімдеді. «Рубеж» бекеттерінде автокөліктер жиналып қалды: 135 жеңіл көлік, 29 жүк автокөлігі, оның ішінде:
  • Щучинск қаласы бағытында 40 жеңіл, 10 жүк көлігі;
  • Қарағанды қаласы бағытында 15 жеңіл, 7 жүк көлігі;
  • Қорғалжын кенті бағытында 30 жеңіл, 5 жүк көлігі;
  • Павлодар қаласы бағытында 50 жеңіл, 7 жүк көлігі тұр.
Елордалық құтқарушылардың күшімен осы уақытқа дейін 18 адам, оның ішінде 2 бала, сондай-ақ 5 бірлік техника құтқарылды. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ, көрінудің шектелуі) Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар автожолдар учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды», – деді елорда әкімдігінде. Осы ретте Төтенше жағдайлар департаменті қала сыртына шықпауға, шұғыл қызметтердің ескертуіне құлақ асуға, балаларды ересектердің қарауынсыз көшеге шығармауға кеңес береді. «Үйде жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз. Жүргізушілер жолда қауіпсіз жылдамдықпен жүруі керек, сондай-ақ қауіпті маневрлерден аулақ болу қажет. Жолдардың ашылуы немесе жабылуы туралы ақпаратты «112-Nur-Sultan» Телеграм арнасынан, сондай-ақ 112 телефоны бойынша білуге болады», – деді департаменттен.