9 рейс кешіктірілді: Нұр-сұлтан әуежайында жолаушылар концерт ұйымдастырды

24 наурыз, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
9 рейс кешіктірілді: Нұр-сұлтан әуежайында жолаушылар концерт ұйымдастырды «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында өз рейсін бірнеше сағаттан бері күтіп отырған жолаушылар концерт ұйымдастырды. Instagram-дағы пабликтердің бірінде жолаушылардың ән салып, көңіл көтерген видеосы жарияланды. «Әуежайдағы жолаушылар ауа райының ашылуын ән айтып күтуде. Боранға байланысты рейстер сағат сайын кешіктіріліп жатыр. Адамдар 9 сағаттан астам тосып отыр», – делінген жазбада. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, 23 наурыз күнгі ауа райына байланысты астана әуежайында 9 рейс кешіктіріліп, тағы 6-ауына ұшуға рұқсат берілмеді. Атап айтқанда, кешіктірілгендері: Орындалуына рұқсат берілмеген рейстер: Qazaq Air 389 Жезқазған; Fly Arystan 7327 Шымкент; Scat 716 Шымкент; Scat 721 Ақтөбе; Qazaq Air 351 Алматы; Scat 702 Шымкент. Еске салайық, «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайының ұшып-қону алаңын қардан тазарту жұмыстарының созылуына байланысты әуежайдың қызметі сағат 03.00-ге дейін тоқтатылды. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін алдымен, сағат 16:30-20:00 аралығында жабылды. Кейіннен бұл мерзім сағат 00.00-ге дейін ұзартылды.