Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
ашық дереккөзі
24 наурыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады. Түнде солтүстікте қатты қар жауады. Еліміздің жекелеген аумағында тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады. Оңтүстікте найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, Павлодар облысында желдің күші түнде 23-28 м/с жетуі ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Атырау облысында жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Екпіні 23 м/с артуы мүмкін. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Сондай-ақ шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда облысында найзағай болады. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады.