Жаңалықтар

Тәуелсіздік жылдарында Наурыз есімді қанша бала дүниеге келді?

ашық дереккөзі

Тәуелсіздік жылдарында Наурыз есімді қанша бала дүниеге келді?

Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша егемендік алған жылдан бастап 1 040 балаға Наурыз есімі берілген.   Бұл есіммен қыздарды да, ұлдарды да атаған. Оның 443-і соңғы он жылда туған. Ал былтыр Наурыз есімді 48 сәби өмір есігін ашқан. Есепке сәйкес көбіне-көп Наурыз есімін Маңғыстау өңірі 181 балаға қойған. Ал одан кейін Түркістан облысында - 157 және Қызылорда облысында 135 нәресте осы есімді алған. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстанда - 4, Павлодар облысында - 11 және Ақмола облысында 12 балаға Наурыз есімі берілген. Қазір Нұр-Сұлтанда - 20, Алматыда - 30, және Шымкентте - 63 Наурыз есімді бала тұрып жатыр. Ең қызығы, Қазақстанда Наурыздан бөлек Наурызбек, Наурызбай, Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан есімдері де кездесіп жатады. Бұдан бөлек, биыл 53 қазақстандыққа түбірі Наурыз сөзі бар есім қойылған.