Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 132 адам эвакуацияланды

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 132 адам эвакуацияланды

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 132 адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Бүгін сағат 19:37-де «101» нөміріне Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 225 мекенжайындағы тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Бес қабатты тұрғын үй бұрын жатақхана болған, бір ғана кіреберісі бар, ұзын дәлізді ғимарат. Жалын екінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар баспалдақты қолданып, екі адамды қою түтіннің ішінен алып шықты. Тағы 132 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Ал 20 минуттың ішінде жалынды ауыздықтап, сағат 20:21-де толық сөндірді. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 31 маманы күресіп, 9 техника жұмыс істеді. Әзірге өрттің неден шыққаны және шығын мөлшері белгісіз.