Хорватияда жол апатына ұшыраған жүк көлігінде мигранттар болған

Хорватияда жол апатына ұшыраған жүк көлігінде мигранттар болған

Хорватияда жол апатына ұшыраған жүк көлігінде мигранттар болған
ашық дереккөзі
Хорватияда жол апатына ұшыраған жүк көлігінде заңсыз мигранттар болғаны анықталды, – деп хабарлайды Euronews. Хорватияда көлік апатынан төрт адам қаза тапты. Загреб түбіндегі күре жолда Сириядан мигранттар тасымалдаған ауыр жүк көлік аударылды. Заңсыз мигранттар салмағы бір тонна болатын қағаз бумалар тиелген көліктің жүк қорабында отырған. Жарақат алған 11 сириялық ауруханаға жеткізілді. Олардың алтауының жарақаты ауыр, тағы бірі өлім халінде. Апат болған аудандағы күре жолда көлік қозғалысын бірнеше сағатқа жабуға тура келген. Жүк көлігі сербиялық нөмірге тіркелген. Қазіргі кезде полиция көліктің қайда бара жатқанын және қайғылы оқиғаға не себеп болғанын анықтап жатыр.