Елордада боран салдарынан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады

Елордада боран салдарынан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады

Елордада боран салдарынан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады
ашық дереккөзі
CTS компаниясының Instagram парақшасында ауа райының қолайсыздығына байланысты 17 бағыт бойынша көлік қозғалысы уақытша тоқтатылғаны хабарланды. Атап айтқанда, 326, 310, 311, 321, 302, 307, 305, 312, 320, 304, 317, 318, 322, 308, 309, 315, 316 автобустарының қозғалысы тоқтады. 12 көлік Арнасай, Сарытоғай және Беласар көшелеріне дейін жүрмейді. Қазіргі уақытта елордада қалың қар жауып тұр. Оның үстіне солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, оқтын-оқтын 15-20 метрге дейін жетіп тұр. Соның салдарынан қала көшелері ақтүтек боранның астында қалған. Қалың қар және боранның салдарынан елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылған.