Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі ұшпай қалды
Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі ұшпай қалды
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 авиа рейс тоқтатылып, тағы 1 рейс қосалқы әуежайға жіберілгенін хабарлады.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» авиарейсі тоқтатылды. Сағат 11:00-ден 15:00 аралығындағы дауылды ескертуге байланысты жел 12 м/с дейін күшейіп, екпіні 17 м/с дейін жетеді деп болжанған. Сондай-ақ қосалқы әуежай Алматыға «Шымкент-Нұр-Сұлтан» рейсі жіберілді», – деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.