Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі ұшпай қалды

Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі ұшпай қалды

Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі ұшпай қалды
ашық дереккөзі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 авиа рейс тоқтатылып, тағы 1 рейс қосалқы әуежайға жіберілгенін хабарлады. «Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» авиарейсі тоқтатылды. Сағат 11:00-ден 15:00 аралығындағы дауылды ескертуге байланысты жел 12 м/с дейін күшейіп, екпіні 17 м/с дейін жетеді деп болжанған. Сондай-ақ қосалқы әуежай Алматыға «Шымкент-Нұр-Сұлтан» рейсі жіберілді», – деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.