Жоғалып кетіп, гаражда есін жиған қыз: жасөспірім оқиғаны ойдан шығарған

Жоғалып кетіп, гаражда есін жиған қыз: жасөспірім оқиғаны ойдан шығарған

Жоғалып кетіп, гаражда есін жиған қыз: жасөспірім оқиғаны ойдан шығарған
ашық дереккөзі
Павлодарда жоғалып кетіп, табылған 12 жастағы қызға қатысты оқиғасының мән-жайы анықталды. Павлодар облысының полиция департаментінде қыз бала асыраушысы ұрысады деп, оқиғаны ойдан шығарғанын мәлімдеді. «22 наурызда сағат 18:20-да Павлодар қаласының полиция бөліміне Бұқар жырау көшесіндегі үйде тұратын кәмелет жасқа толмаған қыз баланың бір сағат бұрын қоқыс тастауға шығып кетіп, сол күйі үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен. Іздеу шарасы бірден басталып кеткен. Қыз баланы іздеуге полицияның барлық жасақтары, сондай-ақ Павлодар қаласының еріктілері шықты. Жасөспірім асыраушысымен тұрған, бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалғаны анықталды. Сағат 21:30 шамасында үйіне қайтып оралған ол «қоқыс тастаған соң, басы айналып, есінен танғанын, ал көзін ашқанда, бейтаныс гараж не жертөледе жатқанын» айтты», – деп баяндады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Полицияда кәмелет жасқа толмаған қызбен ювеналды полиция қызметкерлері денсаулық сақтау органының өкілі және қызметкерлері қатысуымен арнайы әңгіме жүргізілгенін атап өтті. Қыз баланы мамандар тексеріп шыққан, оның денесінен ешқандай жарақат табылмаған. Дәрігерлер тексерісті аяқтап, барлық мән-жай нақтыланған соң, қыз баланың қоқысты тастап, қалада өздігінен қыдыруға шығып кеткені, алайда жолдан адасып қалғаны анықталды. Кейінірек ол үйіне қайтып оралған. «Асыраушысының ұрысынан қорыққан ол бұл оқиғаны ойдан шығарған. Қазіргі кезде жасөспірім заңды өкілі – асыраушысымен үйде отыр», – деп түсіндіріп өтті полиция департаментінен. Бұған дейін жоғалып кеткен 12 жасар павлодарлық қыз баланың есінен танып, бейтаныс гараж не жертөледе есін жиғаны туралы хабарланған болатын.