Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді

23 наурыз, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін жер реформасы бойынша Комиссия құрылды, – деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» 19.03.2021 жылғы «№ 62-ө» өкімге қол қойды. Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құрамы бекітілген. Жер реформасы бойынша комиссия құрамымен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.