Оңтүстік Корея президенті коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын салдырды

Оңтүстік Корея президенті коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын салдырды

Оңтүстік Корея президенті коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын салдырды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Корея елінің президенті Мун Чжэ Ин Ұлыбританияда өтетін G-7 саммитіне қатысу алдында COVID-19 вирусына қарсы AstraZeneca вакцинасының бірінші дозасын алды. Президентке екпе Сеул қаласындағы президенттік кешенге жақын орналасқан Чонногу медициналық орталығында салынды.  width= Президентпен қатар вакцина оның зайыбы Ким Чжон Сук пен ел басшысымен маусымда Ұлыбританиядағы сапарында бірге еріп жүретін тоғыз шенеунікке егілген. G-7 саммитін 11-13 маусым күндері Корнуоллдағы Карбис-Бэйде өткізу белгіленді, – деп жазды ҚазАқпарат Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Сейсенбіде Оңтүстік Корея 65 және одан үлкен жастағы адамдарға коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын егуді бастады. Бірер күн бұрын жергілікті денсаулық сақтау органдары вакцина мен адамдарда тромбтардың пайда болуы оқиғалары арасында ешқандай байланыс анықтамағанын мәлім етті. AstraZeneca вакцинасының алғашқы дозасы егілгеннен 8-12 апта өткенде екінші дозасы салынады.