Супермаркетке кіріп оқ жаудырған қаскөй 10 адамды өлтірді

Супермаркетке кіріп оқ жаудырған қаскөй 10 адамды өлтірді

Супермаркетке кіріп оқ жаудырған қаскөй 10 адамды өлтірді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Колорадо штатына қарасты Боулдер қаласында ер адам супермаркетке кіріп келушілерге оқ жаудырды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының Twitter-дегі парақшасында хабарланды, деп жазады korrespondent.net. Атыс салдарынан 10 адам қаза тапқан, оның ішінде полиция қызметкері де бар. Тәртіп сақшыларының сөзінше, бейтаныс адам әуелі дүкен маңында атыс бастаған. Одан кейін дүкен ішіне кіріп, ондағы адамдарға оқ жаудырған. Сатып алушылар жан-жаққа қашып, жан тасалауға тырысқан. Оқиға орнынан бірінші болып жеткен полиция қызметкері Эрик Тэлли оққа ұшты. Қаскөй полиция қызметкерлерімен атыс кезінде жараланып, ұсталды. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әлі анықталмады.