Тұман, көктайғақ, екпінді жел: Синоптиктер бүгін ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ, екпінді жел: Синоптиктер бүгін ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ, екпінді жел: Синоптиктер бүгін ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты
ашық дереккөзі
23 наурыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің орталығы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Антициклон жотасының әсерінен солтүстік-батыста ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел, оңтүстікте найзағай болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады. 15-20 м/с күшпен соғатын желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 23-28 м/с артады. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Желдің екпіні Ақмола облысында 23 м/с, Қарағанды облысында 23-28 м/с жетеді. Алматы облысының күндіз кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықта жел, тұрады. Жалаңашкол ауданында екпіні 28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. 15-20 м/с күшпен жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында желдің екпіні ың күндіз 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан обллыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.