Жаңалықтар

Цукерберг 3 млрд долларын қайырымдылыққа берді

ашық дереккөзі

Цукерберг 3 млрд долларын қайырымдылыққа берді

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан алдағы он жылда медициналық зерттеулерді қаржыландыруға өз қаражаттары есебінен 3 млрд. доллар беруге міндеттеме алды, деп хабарлады Би-Би-Си. Ерлі-зайыптылар өткен жылы желтоқсанда қыздары  Макс дүниеге келгенде Chan Zuckerberg Initiative қайырымдылық қорын құрған болатын. Ол кезде Цукерберг компаниядағы өзіне тиесілі акциялардың 99%-ын қайырымдылыққа беретінін жариялаған еді. Олардың дәулетінің шамамен 45 миллиард доллары алдағы уақытта денсаулық сақтау мен білім беруді жақсартуға, теңсіздікпен күресуге бағытталады.