Жаңалықтар

Президент: Наурыз – жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны

ашық дереккөзі

Президент: Наурыз – жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. «Барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз — біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.