Жаңалықтар

Локдаун: Алматыда түнгі клубқа барған 150-ден астам адамға айыппұл салынды

ашық дереккөзі

Локдаун: Алматыда түнгі клубқа барған 150-ден астам адамға айыппұл салынды

Алматыда түнгі клубтың жұмысын мониторинг тобы жауып тастады. 150-ден астам адамға айыппұл салынды. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Медеу ауданының мониторинг тобы 21 наурыз сағат 23.30-да Құрманғазы көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Boom Bar (бұрын The Artist атауымен белгілі болған) түнгі клубына келгендерді ұстады. Бұл нысан қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзды. Мониторинг тобы келген кезде мекемеде шамамен 150-170 адам болған. Жұмыс режимін бұзумен қатар, адамдардың көп жиналуына тыйым салу, маска режимі, әлеуметтік қашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тіркелді. Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзу және айыппұл салу туралы хаттама жасалады.