Жұмыстан кейін оралмаған: Алматыда 19 жастағы қыз жоғалып кетті

Жұмыстан кейін оралмаған: Алматыда 19 жастағы қыз жоғалып кетті

Жұмыстан кейін оралмаған: Алматыда 19 жастағы қыз жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Алматыда жоғалып кеткен 19 жасар қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлады. Қыздың жоғалғаны туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болды. Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет оның жұмыстан шыққан кезде түсірген.
Ол қара куртка, кең қара джинсы, қара берет киген, қызғылт сөмке ұстаған, - дейді жоғалған қыздың туыстары.⠀
Жоғалған қыздың туыстары тұрғындардан ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, табуға көмектесуін сұрайды. Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, туыстарына хабарласыңыздар +7471444110 (Алтынай)