Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды

Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды

Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды
ашық дереккөзі
Белгілі спорт журналисі, оқытушы, әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарған Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Дүрәлі Дүйсебай - Қазақстан мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлығының  иегері. Еңбек жолын 1981 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде бастап, 1996 жылға дейін сонда қызмет еткен. Тілші қызметінен бастап, бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейіннен ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза - Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. “Халық сөзі” газетінде жұмыс істеген. Соңғы жұмыс орны Sport газеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болған.