Дәрігер дене қызуын түсіретін дәрілердің қауіпті әсерін айтты
Дәрігер дене қызуын түсіретін дәрілердің қауіпті әсерін айтты
Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде дене қызуын түсіретін дәрілердің қаупі туралы айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтуынша, мұндай препараттар құлақта шудың пайда болуына әкелуі мүмкін. Дәрігер ацетилсалицил қышқылынан кейін мұндай шудан арыла алмай қалу қаупі бар екенін ескертті.
Маман мұндай белгілер пайда болған кезде дереу дәрігер кеңесіне жүгінуге кеңес берді. Алайда, ол құлақтағы шуға шағымданатын науқастардың 99 пайызына емделмейтін жоғары жиілікті тиннитус диагнозы қойылғанын айтты. Мясниковтың сөзінше, мұндай жағдайға көндігуден басқа амал жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Александр Мясников тырнақтың түсі қандай қауіпті аурудан хабар беретінін айтқан еді. Оның айтуынша, тырнақ пластиналары денсаулық жағдайының керемет көрсеткіші болып табылады, өйткені олардың түсінің өзгеруі дененің инфекциясы мен қауіпті ауруды көрсетуі мүмкін.