Жаңалықтар

Трамп жеке әлеуметтік желісін ашады

ашық дереккөзі

Трамп жеке әлеуметтік желісін ашады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп екі-үш айдан кейін жеке платформасын құрып,  әлеуметтік медиаға оралады. Бұл туралы оның кеңесшісі Джейсон Миллер Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты. Миллердің сөзінше, бұл ондаған миллион пайдаланушыларды жинайтын үлкен желі болмақ. Еске сала кетейік, Twitch, Twitter, Facebook және Instagram 6 қаңтарда Вашингтонда болған тәртіпсіздіктер туралы мәлімдемесіне байланысты Трамптың аккаунттарын әртүрлі мерзімге бұғаттады. Капитолий ғимаратын басып алушыларға видео және мәтіндік үндеу жолдағаннан кейін экс-президент аталған әлеуметтік желілерді пайдалану мүмкіндігінен айрылды. Twitter өкілінің айтуынша, Трамп болашақта президент болып қайта сайланса да желі басшылығы оған өз аккаунтына кіруге мүмкіндік бермейді.