Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталды

Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталды

Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 2021 жылдың 21 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді. 5 356 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен – 5 179 адам, анықтамасыз 177 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
  • Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 868 жолаушы: анықтамамен – 2 727, анықтамасыз – 141;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 265 жолаушы: анықтамамен – 1 236; анықтамасыз – 29;
  • Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, 576 жолаушы анықтамамен келген;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 196 жолаушы анықтамамен келген;
  • Түркістан қаласының әуежайына – 2 рейс, 370 жолаушы: анықтамамен – 363; анықтамасыз – 7;
  • Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест тапсырды және карантиндік стационарларда сараптама нәтижесін күтуде. 2021 жылдың 20 наурызында шетелден анықтамасыз келген 400 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе рейсімен, екінші жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.