Қазақстандық ару Татарстанда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық ару Татарстанда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық ару Татарстанда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Қазақстан өкілі Карина Кабдуллина «Наурыз – 2021 сұлуы» байқауында жеңіске жетті. Түркі елдерінің Жаңа жыл мерекесіне арналған сұлулық байқауына Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан. Қырғызстан және Бошқұртстаннан барлығы 6 бойжеткен қатысқан. «Татар-информ» сайтының мәліметінше, байқау тәжі қазақстандық аруға бұйырса, бірінші вице-мисс атағын өзбекстандық Юлия Ким жеңіп алды. Екінші вице-мисс Қырғызстаннан Диана Зулпуева болды. Татарстан Республикасы атынан қатысқан Камила Равилова «Мерекенің нәзік сұлуы», тәжікстандық Сабрина борзова «Ең теңдессіз», башқұртстандық Яна Анварова «Көрермен көзайымы» титулын иеленді. Байқауға қатысушылар мен көрермендерді татарстан Мәдениет министрінің орынбасары Дамир Натфуллин құттықтады. «Ана тілдер және халық бірлігі жылы болып жарияланған биылғы жылы ұлттық мерекелер ерекше маңызды, олардың мәртебесі арта түсті», – деді министр орынбасары.