Ақтөбелік анаға кәсіпкер 2 миллион теңге сыйлады
Ақтөбелік анаға кәсіпкер 2 миллион теңге сыйлады
Ақтөбедегі жалған сертификаттың иесі атанған Айсұлу Күздібаеваға жергілікті кәсіпкер 2 миллион теңге сыйлады, - деп жазды inbusiness.kz.
Айта кетейік, облыс әкімінің қолынан 2 млн теңгеге сертификат алған бес балалы ана оның заңдық күші жоқ екенін біледі. Оның бұған дейінгі жасалған жөндеу жұмысына кеткен қаражат екенін білген әйел мәселені» дұрыс түсінбеппін» деп аймақ басшысынан кешірім сұраған . Бұл оқиғаны әлеуметтік желіден естіп білген жергілікті кәсіпкер Гайк Тертерян көпбалалы анаға осы сомадағы қаражатты апарып береді. «Мен бұл жайға бей-жай қарай алмадым, бұл – менің сыйға тартқаным», – дейді ол. Белгілі болғандай, Айсұлу Күздібаева Ақтөбе қаласына үш жыл бұрын балалар оқитын мектебі де жоқ шалғай ауылдан көшіп келген. Бес баланың үлкені үшеуі 0-3 сыныптарда оқиды, одан кейінгілері 4 және 2 жаста. Жолдасы кетіп қалған және қаржылай көмектеспейді де. Ал шиеттей бала-шағамен жұмыс істей алмаған Айсұлу жұмысқа шыға алмай, 58 мың теңге жәрдемақымен күнелтіп отыр екен. Қазіргі күні алты адам 12 шаршы метр жатақхана бөлмесінде тұрады.