Елордада жеңілдікпен берілетін 8 мың пәтер салынады

Елордада жеңілдікпен берілетін 8 мың пәтер салынады

Елордада жеңілдікпен берілетін 8 мың пәтер салынады
ашық дереккөзі

Bazis-A, BI-group, G-park сияқты белгілі құрылыс компаниялары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен әлеуметтік баспана салу туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тұрғын үй мәселесі – біз үшін басым бағыт. Ірі жетекші құрылыс компанияларымен және «Отбасы банкімен» бірлесіп, қолжетімді тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойдық. Олардық қатарында Bazis-A, BI-group, G-park, сияқты құрылыс компаниялары бар» - деп жазды Көлгінов Instagram-парақшасында. Қала басшысының сөзінше, бұл меморандум бағасы жеңілдікпен белгіленген 8 мыңнан астам пәтерді, яғни 500 мың шаршы метрден астам баспана салуға мүмкіндік береді. Осы үшін 160 миллиард теңгеден астам инвестиция салынбақ. «Бұл үйлер «Отбасы банкінде» шоттары бар кезекте тұрғандарға арнап салынады. Меморандум жеңілдетілген пәтерлер салу және баспана кезегінде тұрғандардың санын қысқарту, инвестициялар есебінен құрылыс саласын ынталандыру, қосымша жұмыс орындарын құру сияқты бірнеше міндетті орындауға мүмкіндік береді», - дейді Алтай Көлгінов. Әкімнің дерегі бойынша, ел астанасында 2018 жылы 1100, 2019 жылы 2900, былтыр 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер бой көтерген. Ал биыл тағы 10 мың әлеуметтік баспана салу жоспарланған.