Жаңалықтар

Қытаймен шекара жабылады

ашық дереккөзі

Қытаймен шекара жабылады

21-23 наурыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» өткізу бекеті жабық болмақ. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, бұл шектеулер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына байланысты енгізіліп отыр. Сонымен қатар осы күндері бекеттен адамдар да, көлік пен жүк те өткізілмейді. Осыған байланысты министрлік тасымалдаушылар мен шекарадан өткісі келетіндерге шектеуді ескеріп, өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.