Қытаймен шекара жабылады

Қытаймен шекара жабылады

Қытаймен шекара жабылады
ашық дереккөзі

21-23 наурыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» өткізу бекеті жабық болмақ. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, бұл шектеулер Ұлыстың ұлы күніНаурыз мейрамына байланысты енгізіліп отыр. Сонымен қатар осы күндері бекеттен адамдар да, көлік пен жүк те өткізілмейді. Осыған байланысты министрлік тасымалдаушылар мен шекарадан өткісі келетіндерге шектеуді ескеріп, өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.