Жаңалықтар

ШҚО, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жол жабылды

ашық дереккөзі

ШҚО, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жол жабылды

ШҚО, Ақмола және Ақтөбе облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ деректеріне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, сағат 08.20-да Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолында 971-1048-шақырым, Қалбатау учаскесі - Ұлан ауылының бұрылысында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Сағат 09.30-дан бастап Ақмола облысында Нұр-Сұлтан-Петропавл тасжолында 18-231-шақырымда, Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09.10-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолында 97-250-шақырымда, Қандыағаш қаласы-Қарауылкелді ауылы учаскесінде де жолдар жабылды.