Жаңалықтар

Дабылды ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Дабылды ескерту жарияланды

Солтүстік-батыста бұрқасын жүреді. Кейбір өңірлерде тұман және көктайғақ болатыны хабарланып отыр. Бұл жөнінде "Қазгидромет" синоптиктері хабарлады. Елордада қар жауады. Түнде температура: -1-3°C, күндіз: +2 +4°C. Желдің жыдамдығы - 9-14 м/с. Дабылды ескерту Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Атырау облысында тұман, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысында жел күшейеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 20 м/с. Маңғыстау облысында шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді. Түркістан облысында желдің екпіні - 15-20 м/с. Алматы облысында тұман, желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Павлодар, Қостанай облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Қызылорда облысында тұман, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Қостанай облысында тұман және көктайғақ болады. Алматыда күн бұлтты. Түнде +2+4°C, күндіз +14+16°C. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Шымкентте жауын-шашынды. Желдің екпіні - 8-13 м/с, түнде 7-9°C, күндіз +11+13°C.