Жаңалықтар

БҚО тұрғынының 1 миллион теңгесін жымқырған күдікті ұсталды

ашық дереккөзі

БҚО тұрғынының 1 миллион теңгесін жымқырған күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында алаяққа сенген тұрғын 1 млн теңгесінен айырылып қалды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Ақсай қаласында тұратын әйел 53 жастағы тұрғынға Whatsapp мессенджері арқылы ақшасын көбейтіп беремін деп, уәде берген. Ақыры оның 1 млн теңгесін жымқырып кеткен. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 35 жастағы әйел ұсталды. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.