Қалыңдық мінген лимузин тойға бара жатқан жолда өртенді (видео)

Қалыңдық мінген лимузин тойға бара жатқан жолда өртенді (видео)

Қалыңдық мінген лимузин тойға бара жатқан жолда өртенді (видео)
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қалыңдықты тойға апара жатқан лимузин өртенді. Бұл туралы KTNV-TV хабарлады. Қалыңдық, оның әкесі және қонақтар мінген көлік үйлену тойы өтетін орынға бет алған. Әйелдің айтуынша, ол жолда ыстың иісін сезген, көп ұзамай жүргізуші орындығының астынан түтін шыға бастапты. Жүргізуші дереу көлікті тоқтатып, жолаушыларды сыртқа шығарған. Өрт сөндірушілер жеткенше лимузиннің іші отқа оранды. Көлік жолаушыларының ешбірі зардап шеккен жоқ. Басқа көлік шақырып, той залына аман-есен жеткен. Айта кетейік, 2018 жылы Бразилияда қалыңдықты үйлену тойына апара жатқан тікұшақ құлаған еді. Бір таңданарлығы, қалыңдық ешбір жарақат алмай, апаттан аман қалды. Жанып жатқан қирандылардың астынан шығып, ештеңе болмағандай тойын тойлауды жалғастырды.