Алматыда мопед жүргізушісі қағып кеткен сәбидің жағдайы белгілі болды

Алматыда мопед жүргізушісі қағып кеткен сәбидің жағдайы белгілі болды

Алматыда мопед жүргізушісі қағып кеткен сәбидің жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мопед жүргізушісі қағып кеткен сәбидің жағдайы туралы мәлімет берді.  «Бала үш айлық. Ауруханаға бастың жұмсақ тіндерінің көгеруі белгілерімен түсті. Балалар нейрохирургі қарағаннан кейін үйіне амбулаториялық бақылауға жіберілді. Баланың жағдайы қалыпты», - деп хабарлады ведомство. Еске салайық, жол апаты 16 наурыз күні түскі сағат 13:20-да болды. Мопед жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінде ішінде үш айлық бала жатқан бесікарбаны соққан. Ер адам жазадан қорқып, апат орнынан қашып кеткен еді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері мопед жүргізушісін анықтап, оны ұстады.