"Жеке өміріме қол сұғылды": Министр журналисті жағадан алып, компьютерін сындырып тастады

"Жеке өміріме қол сұғылды": Министр журналисті жағадан алып, компьютерін сындырып тастады

"Жеке өміріме қол сұғылды": Министр журналисті жағадан алып, компьютерін сындырып тастады
ашық дереккөзі
Арменияда жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Акоп Аршакянның кафеде журналист Пайлак Фахрадянға шабуыл жасады, деп хабарлайды "Sputnik Армения". Аршакян қоғамдық тамақтану орнында әйелімен бірге түскі ас ішіп отырғанда Фахрадян қосулы камерасымен олардың жанынан келіп, рұқсат сұрамастан бірнеше сұрақ қойған. Көп ұзамай саясаткер екінші қабатқа, журналист жұмыс істеп отырған жерге барып, оны бетіне ұрып, компьютерін сындырған. "Әрбір азаматтың жеке және отбасылық өміріне қол сұғылмау құқығы бар. Біздің қоғамның кез  келген мүшесі — шенеунік немесе журналист болсын, эмоциясы бар адам отбасына қатысты мәселелерге келгенде өте сезімтал", - деп түсіндірді үкімет мүшесі.  width= Ол оқиғаның куәсі болған азаматтардан кешірім сұрап, өз әрекеті арқылы олардың тыныштығын бұзғанына өкінетінін жеткізді. Сонымен бірге Акоп Аршакян бұл ісіне жауап беруге дайын екенін және кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы екенін айтты. Жоғары технологиялық индустрия министрінің баспасөз хатшысы Лусине Мовсисян Аршакянның отставкаға кету мүмкіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол өз міндеттерін орындауды жалғастыруда.