Нұротандық депутат мереке қарсаңында 100-ден астам отбасыны қуантты
Нұротандық депутат мереке қарсаңында 100-ден астам отбасыны қуантты
Түркістан облысы, Сайрам ауданында Наурыз мерекесі игілікті істермен өрнектеліп жатыр. Наурыздың 18‐і "Игі істер күні" деп аталып, бұл күні әр адам өзінің мүмкіндігіне қарай жақсылық жасады. Солардың бірі — "Nur Otan" фракциясының мүшесі Динара Егамбердиева.
Облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева "Қамқорлық" бағдарламасы аясында Сайрам ауданындағы 112 отбасына азық-түлік жиынтығын тарту етті.
Бұл 112 отбасы көмекке мұқтаж болғанымен, мемлекеттен ешқандай төлем алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан "Бақытты отбасы" жобасы, "Қамқорлық" бағдарламасы аясында тұрақты қолдау көріп келеді.