Белгілі тележурналист Ұлбосын Есенбек «ЖОО үздік оқытушысы 2020» байқауының жеңімпазы атанды

Белгілі тележурналист Ұлбосын Есенбек «ЖОО үздік оқытушысы 2020» байқауының жеңімпазы атанды

Белгілі тележурналист Ұлбосын Есенбек «ЖОО үздік оқытушысы 2020» байқауының жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге (2000 АЕК) көлемінде грант жеңіп алды. Жалпы конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Қазақстанның үздік оқытушыларының қатарында филология ғылымдарының кандидаты, белгілі тележурналист, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы да бар. «Еліміздегі ғалымдардың ең үздіктерін анықтап, оларға жоғары құрмет көрсету - мемлекет саясатының жарқын көрінісі. Биылғы Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы байқауы тұңғыш рет ақпараттық жүйе көмегімен өткізілді. Бұл байқаудың әділ, объективті өтуіне ықпал етті. Ғалымдардың ғылыми еңбектерін бағалау критерийлері жаңартылды, басымдықтар дұрыс анықталды», - деді Ұ.Есенбекова ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапат рәсімінде. width=ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, пандемия кезінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі маңызды сынақтан өтті. Бұл тарапта оқытушылардың еңбегі елеулі екен анық. «Қандай да бір қиындықтар мен қолайсыздықтарға қарамастан, қазақстандық оқытушылар бұл жағдайға тез бейімделді. Бүгінгі таңда біздің алдымызда оқытушының беделін арттыру, еңбек жүктемесін азайту, еңбекақыны көбейту, оқытушыларды өзіне тән емес функцияларға тартуға жол бермеу бойынша және еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басқа да бірқатар маңызды міндет тұр. Мен байқау жеңімпаздарын бұл марапатпен шын жүректен құттықтаймын және әрқайсысына мықты денсаулық, толағай табыс пен отбасы амандығын тілеймін», деді А.Аймағамбетов.