Актер Нұрлан Әлімжанов басқарма басшысы болып тағайындалды

Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы М.Горький атындағы Орыс драма театрының директоры Айболат Жанғалиұлы хабарлады.
Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов 1984 жылғы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында туған. Актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері.

2019-2021 жылдары «Nur Otan» партиясының тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button