Сарапшылар үздік смартфондарды атады

Сарапшылар үздік смартфондарды атады

Сарапшылар үздік смартфондарды атады
ашық дереккөзі

«Российская система качества» (Роскачество) комерциялық емес ұйымы  үздік смартфондардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды. Ұйым мамандары смартфондар рейтингіне 2020 жылдың соңы мен 2021 жылдың басында шыққан 11 құрылғыны қосты. Рейтинг көшбасшысы – 3,96 ұпай жинаған Samsung Galaxy S21 Ultra телефоны. Сарапшылар құрылғының жоғары сапалы 6,8 дюймдік OLED дисплейі, қуатты Exynos 2100 чипі және 12 гигабайт жедел жадпен жабдықталғанын атап өтті. Екінші және үшінші орындар Huawei Mate 40 Pro және OnePlus Nord N10 смартфондарына бұйырды. Үздік алтылыққа Samsung Galaxy S21+, Samsung Galaxy S21 және Xiaomi Redmi Note 9T кірді. Сондай-ақ, Роскачество мамандары ең қуатты смартфондардың тізімін жасады. Бұл рейтингте де Samsung Galaxy S21 Ultra көш бастады, Huawei және OnePlus флагмандары да үздіктер қатарынан көрінді. Сарапшылар OnePlus Nord N10 смартфонының дыбыс жүйесін үздік деп таныды. Сонымен қатар, авторлар ең үздік базалық смартфонды атады — бұл Nokia 2.4. "Бұл құрылғы өнімді смартфондармен бәсекелесе алмайды, десе де қарапайым сенімді смартфон қолдануды қалайтындар үшін қолайлы үлгі", — делінген телефонға шолуда.