13 жасқа дейінгі балалар үшін арнайы Instagram жасалмақ

13 жасқа дейінгі балалар үшін арнайы Instagram жасалмақ

13 жасқа дейінгі балалар үшін арнайы Instagram жасалмақ
ашық дереккөзі

Facebook әлеуметтік желісі Instagram-ның 13 жасқа дейінгі балаларға арналған  нұсқасын әзірлеуде. Бұл туралы компанияның ішкі деректеріне сілтеме жасап  Bloomberg хабарлады.  "Біз Instagram-ға ата-аналар басқаратын жүйені енгізу жоспарлап отырмыз, ол арқылы балалар достарымен байланыста бола алады, жаңа хобби, қызығушылық  таба алады", - делінген агенттік жариялаған Facebook өкілі Джо Осборнның мәлімдемесінде. Баламалы технология Facebook-тің өзінде де бар — Messenger Kids. Бұл хат алмасу қосымшасының жасөспірімдерге арналған нұсқасы. Онда ата-ана тарапынан бақылау бар. Айта кетейік, қазіргі уақытта Instagram пайдаланушыларының кемінде 13 жаста болуы талап етіледі.