Семейдегі даңғылдардың біріне Елбасының есімі беріледі

Семейдегі даңғылдардың біріне Елбасының есімі беріледі

Семейдегі даңғылдардың біріне Елбасының есімі беріледі
ашық дереккөзі
Семейде атауы жоқ даңғыл Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды.  «Бүгін қала әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтті. Отырыс барысында төрт мәселе қаралды. Алғашқы үшеуі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы жөнінде болса, ал төртіншісі Қарағайлы жаңа ықшам ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін беру турасында болды», - делінген ШҚО «Шығыс ақпарат» ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы хабарламасында. Даңғыл Қарағайлы ауданындағы Семей – Павлодар автожолынан бастау алады. Сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев зияткерлік мектебі, ал оң жағында жаңадан тұрғызылған тұрғын үйлер мен балабақша орналасқан. «Болашақта мұз айдыны кешенін, білім және технологиялар трансфері мектебін ашу жоспарлануда. Бірнеше функционалдық аймақтар, серуендеу аймақтары, қоғамдық тамақтану жерлері, балаларға арналғанойын және спорт алаңдары бөлінеді. Көшелерді жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған», - деді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Даңғылдың ұзындығы екі шақырымнан асады. Барлық мәселе бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды. Қарағайлы көшесіне атау беру туралы түпкілікті шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.