«Nur Otan» депутаты Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлерге көмектесті

«Nur Otan» депутаты Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлерге көмектесті

«Nur Otan» депутаты Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлерге көмектесті
ашық дереккөзі

Көп ұзамай бүкіл әлем күнтізбедегі қаралы күн – Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 35 жылдығын атап өтеді.

1986 жылы 30 мыңнан астам қазақстандық апат салдарын жоюға шақырылған болатын. Қазақстанның әр өңірінен барған жас жігіттердің бүгінде 5 мыңының ғана көзі тірі.

Ақмола облысы Бурабай ауданында да алапат апаттың салдарын жоюға қатысқандар аз болмады. Чернобыль мүгедектері Бурабай аудандық одағының төрағасы Виктор Лешин ардагерлерге құрмет көрсету бастамасымен Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Талғат Жапаровтың қабылдауында болды.

«Біздің ауданда 35 адам қалды, олардың 20-сы –ерекше қажеттілігі бар мүгедек адамдар. Өкінішке орай, өз міндетін адал және соңына дейін орындағандардың көпшілігі ұмытылып, проблемаларымен жалғыз қалды. Аптал азаматтардың радиация салдарынан зейнеткерлік жасқа дейін аз өмір сүретіні белгілі. Бізге медициналық тексеруден өтуге, санаторийге жолдамалар алуға жәрдемдесу қажет, жұмысқа орналасу мәселелері де бар. Заң бойынша тиесілі болса да, мемлекеттік органдармен жиі күресуге тура келеді. Осындай атаулы дата қарсаңында апат салдарын жоюға қатысқандарды ұлықтауды жөн көрдік», – деді Виктор Лешин.

Одақ төрағасы өз идеясын аудандық мәслихат депутатына баяндап, жоспарымен таныстырды. Талғат Жапаров ардагерлердің өзекті мәселелерін ерекше бақылауға алатынына сендіріп, естелік акция ұйымдастыруға демеуші болып, қаржылай көмек көрсетті.