Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті

Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті

Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті
ашық дереккөзі
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 17 наурызда Алмалы ауылының тұсында болған. «Кешкі мезгілде «ВАЗ 2115» маркалы көлігінің жүргізушісі Алмалы ауылының тұсынан Жайық өзені арқылы Бесікті елдімекеніне өтпек болған. Алайда, өзен мұзы ойылып, көлік суға батып кеткен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының 7 сүңгуір құтқарушысы жетті. Олар 16 метр тереңдікке батқан көлікке арқан бекітіп, су астындағы көлік жүк тиегіш трактормен жағаға шығарылды», – делінген департамент хабарламасында.