Қылмыстық іс қозғалды: ШҚО-да 48 оқушы тамақтан уланды

Қылмыстық іс қозғалды: ШҚО-да 48 оқушы тамақтан уланды

Қылмыстық іс қозғалды: ШҚО-да 48 оқушы тамақтан уланды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандағы «Бозанбай» орта мектебінде 48 оқушы тамақтан уланды, – деп хабарлады облыстық Білім басқармасы. «Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде оқушылардың жаппай дене қызуы көтеріліп, құсып, іші өткен оқиға тіркелді. 18 наурыз сағат 19.00-дегі жағдай бойынша барлығы 48 бала шағымданды, оның 19-ы Өскемен қаласының «Ана мен бала» орталығына жіберілді. Алдын ала диагноз: Жіті ішек инфекциясы немесе энтеровирус инфекциясы», – делінген хабарламада. Басқарманың мәліметінше, мектеп асханасында тамақтандыруды жеке кәсіпкер жалға алушы ұйымдастырады. Аудандық полиция бөлімі бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. «18 наурыздан бастап мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқуға көшірілді. Аталған факті бойынша 18 наурыз күні таңертең осы мектепте облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істейді. Қажетті зерттеулер жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді басқармадан. Ведомствоның хабарлауынша, бақылауды әлсіреткені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған. «Аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себептері мен жағдайларын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды. Мәселе қатаң бақылауға алынды», – делінген хабарламада.