Атырауда ТЖД із-түзсіз кеткен күзетшіні тікұшақпен іздемек

Атырауда ТЖД із-түзсіз кеткен күзетшіні тікұшақпен іздемек

Атырауда ТЖД із-түзсіз кеткен күзетшіні тікұшақпен іздемек
ашық дереккөзі
Атырау облыстық ТЖД бүгін осыдан екі апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен күзетшіні тікұшақпен іздеу жоспарланып отырғанын хабарлады. Атырауда 10 наурыз күні кешке 54 жастағы ер адам жұмысына бару үшін үйінен шығып, жоғалып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, күзетшіні іздеу сол күні басталып, 11 наурызда да жалғасқан болатын. Содан бері күзетші әлі табылған жоқ. «Құтқарушылар полицейлермен, еріктілермен бірге бірнеше топқа бөлініп, іздеу жұмысын жүргізді. Жайық өзенінің екі жағалауындағы елдімекендер, демалыс базалары мен саяжай учаскелері тексерілді. Салынып жатқан, қараусыз қалған үйлер, сондай-ақ, шаруашылық нысандары, қоқыс үйінділері, өзеннің жағалауы жіті қаралды», – дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі басшысының орынбасары Самат Құмашев. Оның айтуынша, жоғалып кеткен ер адамды іздеуге Ұлттық ұланның 60 әскери қызметшісі де тартылған. 19 наурызда ауа райы қолайлы болса, іздестіру шарасына тікұшақ тарту жоспарланып отыр. Атырау қаласының маңындағы ашық далаға әуеден шолу жасалмақ.